Астанада «Креативті Орталық Азия» атты экономикалық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Креативті Орталық Азия» атты экономикалық форум өтті

16.11.2018

Елордада ерекше форум өтіп жатыр. Бұл жиынның ерекшелігі сол, оған қатысушылар экономиканы креативті идеялар арқылы дамытудың жолдарын қарастырады. «Британ кеңесі» халықаралық ұйымы осымен екінші рет өткізіп жатқан форум бұл жолы ұлттық мәдениетті таныту және экономиканы басқарудың ескісі мен жаңасын біріктіру сынды мәселелерді қозғады. Ағылшындардың тың жобалар бойынша айтары аз емес екен. Жыл сайын Ұлыбритания экономикасына креативті индустрия 100 миилиард фунт әкеледі. Қаржыдан бөлек, мұндай жобалар әлеуметтік және азаматтық капиталға әсері мол. «Қазақстан да осы бағытты таңдап, ұлттық салт-дәстүрі, киімі мен мәдениетін ұтымды пайдалана алады», - дейді шетелден келген меймандар. Өйткені, еуропалықтар қазақ жұртының тарихы мен ұлттық құндылықтарына қызыға қарайды екен.

Роуэн Кеннеди, «British Council» директорының орынбасары:

- Бізде сіздердегі сән, кино индустриясына қызығушылық танытатындар бар. Мәселен, қазақтың киізден жасалған киімдеріне тамсанатындар көп. Былтырғы форумнан кейін Қазақстан мен Ұлыбритания университеттері бірлесіп, жобалар жүзеге асыра бастады. 8 жобаның арқасында біз креативті жастарды анықтадық. Сондай-ақ, арнайы зерттеу жүргізіп, Қазақ елінің бұл бағыттағы әлеуеті зор екеніне көз жеткіздік. Енді биыл форумның географисы кеңейіп, қатарымызға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдері қосылып жатыр. 

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу