Татарстаннан келген мамандар қазақстандық әріптестеріне заманауи әуе көлігінің артықшылықтарын айтты. Ұшақ өте кішкентай, сәйкесінше, жанар-жағармай да аз жұмсалады. Алайда, шағын болғанына қарамастан пайдасы көп. Дәнді дақылдарды тонналап тасиды, әрі жер тыңайтуда да ұзақ қызмет ете береді. «Шегірткемен күресте таптырмайтын құрал», - дейді мамандар.
Денис Валеев, Татарстан Республикасының Қазақстандағы өкілетті өкілі:
- Бірде-бір трактор мұндай жылдамдықпен жұмыс атқара алмайды. Тағы бір ерекшелігі - қауіпсіздігі жоғары. Апатты жағдай кезінде парашютті жүйе іске қосылады. Яғни, пилот ішінде отырып-ақ, қауіпсіз жағдайда жерге қонуға мүмкіндік бар.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.