«Нұр Отанның» бастауыш партия ұйымдарын ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Алдағы уақытта олардың жұмысын жандандыру үшін арнайы қаржы бөлініп, бюджеті қалыптаспақ. Астанада өткен республикалық форумда бастауыш ұйымдарға қатысты жаңа тұжырымдама қабылданды. 10 қадамға негізделген бұл құжатта ұйымға мүшелерді қабылдаудан бастап, талаптарының барлығы жаңартылған. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында партия сандық технологияларды кеңінен енгізуді жоспарлап отыр. «Нұр Отанның» 20 жылдық белесінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл форум енді дәстүрлі түрде екі жыл сайын өткізіліп тұрмақ.
Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Біз бәріміз Президентіміздің командасымыз. Халыққа қызмет көрсетуде, тәуелсіздігімізді нығайтуда және жан-жақты жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда Елбасының сенімді тірегі болу - біздің ортақ мақсатымыз. Сондықтан, біз Президентімізге нақты қолдау көрсететін күш ретінде әлеуетімізді әрі қарай арттыруымыз қажет.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.