Мәжілісте есірткіге қарсы күрес туралы заң қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте есірткіге қарсы күрес туралы заң қаралды

15.11.2018

Есірткіге есін еліткендер интернет беттерінде еркін саудаланатын синтетикалық препараттарға қиындықсыз қол жеткізіп жүр. Өткен жылы осындай 500-ден аса, ал, биыл 3 мың 200 сайт бұғатталды. Өкінішке қарай, қылмыскерлерді құрықтау қиынға соғып отыр. Биыл 125 қылмыстық іс қозғалған. Күресті күшейту үшін арнайы заң ұсынылды. Бүгін Мәжіліс депутаттары құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Ұлттық банк пен Қаржы министрлігіне тиісті ұсыныс жасадық. Бүгінде төлемдер туралы заңнамаға сәйкес, 100 АЕК-ке, яғни, 240 мың теңгеге дейінгі соманы аты-жөнін көрсетпей төлеуге болады. Бұл ретте біз қаржы аударымдарының қозғалысын көру үшін осындай тәртіпті алып тастауды ұсындық. Қазіргі кезде бұл мәселе қарастырылып жатыр.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу