Қазақстандық туристік компаниялар Грекияда өткен 34-ші «Филоксения» көрмесіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық туристік компаниялар Грекияда өткен 34-ші «Филоксения» көрмесіне қатысты

13.11.2018

Қазақстандық туристік компаниялар Грекияда өткен 34-ші «Филоксения» көрмесіне қатысып, шетелдіктерге елдің туристік әлеуетін паш етті. Жерлестеріміздің Жерорта теңізі аймағындағы ең ірі туристік көрмеге қатысуына еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Грекиядағы елшілігі қолдау көрсеткен. 20 мыңнан астам мейманға отандық туркомпаниялар «Қазақстанға саяхат жаса» атты жарнамалық ұранмен түрлі мәдени бағдарлама ұсынды. Ұлттық стендтің алдына жиналған қауым Қазақстанның көрікті жерлерімен бірге қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен танысты. Ән-күйін тыңдап, арқан тартып, асық атып көрді. Сондай-ақ, еуропалықтар бойы 2 метрден асатын қазақтың хас батырларымен суретке түсіп, Алматының апортынан дәм татты. Бәрі де тарихы терең, мәдени мұрасы бай қазақ еліне саяхаттамақ ниетте.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу