Балаларға жол жүру ережелері түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларға жол жүру ережелері түсіндірілді

13.11.2018

Қазақстанда жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан 7-10 балаға дейін көз жұмады, 150 шақты бала жарақат алады. Сол үшін 12 жасқа дейінгі балалар көлікте арнайы креслоға отыруы тиіс. Алайда, қазақстандықтардың көбі бұл тәртіпке бағынбай келеді. Бүгін қалалық Ішкі істер департаменті өкілдері жастармен және олардың ата-аналарымен кездесіп, осындай ақпараттармен бөлісті. Жол апаттарының алдын алу мақсатында 2004 жылдан бері республикалық акция өткізіліп келеді. Қауіпсіздік қызметінің мамандары халыққа жолда жүру ережелерін түсіндіріп, әсіресе, кішкентай балақайлар көшелерде үлкеннің қарауынсыз өздері жүретінін қатаң ескертті.  

Лаура Нарқұлова, полиция капитаны:

- Ер азаматтар мен оқушыларға біздің іс-шара арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын жүргіземіз.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу