Ақтөбеде  52 өзбекстандық  өртеніп кеткен автобус апатына кінәлілерге сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде  52 өзбекстандық  өртеніп кеткен автобус апатына кінәлілерге сот үкімі шықты

09.11.2018

Сот үкімі оқылған сәтте айыпталушылардың кейбірі көз жастарына ерік берді. Түркістан облысындағы «Азия транзит»  серіктестігінің құрылтайшысы Нұрлыбек Телікбаев, механик Бахадүр Пердебаев сот залынан қамауға алынды.  Олар 3,5 жылға бас бостандықтарыан айырылды.

Ал, автобус жүргізушілері Мақсат Пернебеков, Нұржан Қырғызбаев және Барат Таңатовтар  бес жылдан арқалады. Сонымен бірге, олар жеті жыл бойы көлік басқара алмайды. Жәбірленушілер бұған дейін қаза тапқан әр адам үшін 150 млн. теңгеден талап етіп, ең ауыр жаза тағайындауды сұраған еді. Алайда судья талапкерлердің  әрбірінің отбасына екі миллион теңгеден моральдық шығын өтеуді  міндеттеді.

  Естеріңізге салсақ, биыл қаңтардың 18-і күні Ақтөбе облысының Қалыбай ауылының маңында жолаушылар автобусы өртенген. Көлікте барлығы 57 адам болған, олардың 52-і қазаға ұшырады. Құрбан болғандардың барлығы  Өзбекстан азаматтары. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған еді.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу