11 желтоқсан күні дәстүрлі «Алтын сапа» байқауы қорытындыланып, үздік тауар иелері анықталады. Жыл сайын Президенттің қатысуымен өтетін шарада «Ұлы дала елі» брендінің иегерлері де марапатталады. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен инновация және сапа атты онлайн конференцияда палатаның Төралқа Төрағасы хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанова айтты. »Ұлы дала елі» брендін анықтау Президент бастамасымен қолға алынған. Үздіктерді анықтау үшін арнайы сайт жұмыс істейді. Онлайн дауыс беру келесі аптаның соңында аяқталады.
Лаззат Рамазанова, ҚР «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы хатшылығының басшысы:
- Онлайн дауыс беру 10 күннің ішінде өтеді. Бұл конкурсқа іріктеу арқылы 6 компания қатысып жатыр.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.