Астанада суға төлейтін төлем құны 2020 жылдың қаңтарына дейін өзгеріссіз қалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада суға төлейтін төлем құны 2020 жылдың қаңтарына дейін өзгеріссіз қалады

07.11.2018

2020 жылдың қаңтарына дейін Астанада суға төлейтін төлем құны өзгеріссіз қалады. Себебі, бес жылға алдын ала инвестициялық бағдарлама жасақталып, оның аясында 6,5 млрд. тг. бөлінген. «Бұл сома жыл сайын су мен кәріз құбырларын жаңалауға және цифрлық технологияға ауысуға жұмсалып жатыр», - деді мекеме басшысы. «Астана су арнасы» монополистік компания. Ал, Елбасы монополистердің инвестициялық міндеттемелеріне тиімді мониторинг пен бақылау жүргізілмейтінін айтты. Жолдаудағы қатаң тапсырмадан соң тарифтің жасалуы мен тұтынушылардан жиналған қаржының жұмсалуы туралы ақпарат ашық болады. 

Табиғат Зейнулқабден, «Астана су арнасы» МКК Бас директоры:

- Инвестиция көлемі 5 жылға 6,5 млрд. тг. Оның 1 миллиардын 2016 жылы игердік. 1 миллиард 200 миллион тг. 2017 жылы игердік. 1 миллиард 326 миллионды жылдың соңына дейін игереміз.

Дегенмен, судың да сұрауы бар екенін естен шығаратындар азаймай тұр. Былтырдан бері «Астана су арнасы» кәсіпорнынан 600-дей нысан иелері су ұрлаған. Көбіне көлік жуу орындары, сосын жатақханалар орталық құбырға заңсыз қосылады. Сондай-ақ, құрылыс салу кезінде уақытша келісімшартқа отырмай пайдаланған фактілер бар. Мәселен, өткен жылы 97 млн. текше метр судың 75 миллионы таратылды. Үстіндегі 20 млн. текше метрі тегін кеткен есебі. Бірақ, мамандар ондайлардың бәрін анықтап, шығынды кері қайтарыпты. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу