Биыл 4 мыңға тарта әскери қызметші жеке баспанасын алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 4 мыңға тарта әскери қызметші жеке баспанасын алады

06.11.2018

Бұл туралы Сенатта өткен отырыста айтылды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» белсенді қолдауы арқылы 37 мыңнан астам әскери қызметші жеке арнайы шоттарын ашып, 30 млрд. теңгеден астам қаржы аударыпты. Осы жылы 2 335 отбасы еліміз бойынша жеке баспанаға ие болды. Ал, 2019 жылы тек өтемақылық төлемдер арқылы 1695 отбасын, оның ішінде 76 әскери зейнеткерді қамтамасыз ету жоспарға енгізілді», - деп нақтылады Қорғаныс министрінің орынбасары. Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы әскерилерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 94 млрд. теңге, 2019-2021 жылдарға 340 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған. 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Үкімет әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтуға бағытталған шара қабылдамайды деп айтуға келмейді. Дегенмен, қазіргі баспананы пайдалануға беру қарқыны тұрғын үй мәселесін мыңдаған отбасы үшін ашық қалдырып отырғанын мойындау қажет. Осылайша, оларды ұзақ жылдар бойы күттіріп қояды. Сондықтан, әскери қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа механизмі өте маңызды. Себебі, оларға қызмет еткен кезінде өз үйін алу мүмкіндігі беріледі.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу