Шахтинск қаласындағы көмір тасымалдаушы компания жұмысшыларының жалақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтинск қаласындағы көмір тасымалдаушы компания жұмысшыларының жалақысы өседі

06.11.2018

Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы көмір тасымалдаушы компания жұмысшылар айлығын 30-40 пайызға дейін көтереді. Кәсіпорын елдің түкпір-түкпіріне көмір жөнелтеді. Биыл мұнда отынды қаптайтын заманауи қондырғы қолданыла бастады. Өйткені, 25-50 келілік қапшықтардағы байытылған көмірге елдің оңтүстік өңірінен сұраныс зор. Алдағы уақытта кәсіпорында роботталған жүк арту машинасы қойылмақ. Осылайша, еңбек өнімділігі  арта түспек.  

Александр Дьяченко, компанияның директоры:

- Біз Елбасының халыққа арнаған Жолдауын мұқият тыңдап шықтық. Жұмысшылар жалақысын көтеру туралы бастамасын бірауыздан қолдаймыз. Себебі, біздің жұмысшылардың еңбегі орасан. Негізінен жұмыстары физикалық жағынан ауыр екенін ескеріп, еңбекақыны алдағы жылдың басынан бастап өсіруді қолға алып отырмыз.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу