Астанада кәсіби аудармашылардың республикалық семинары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада кәсіби аудармашылардың республикалық семинары басталды

06.11.2018

«Ілеспе аударма жүргізудің шеберлік класы». Бүгін дәл осындай атауды арқау еткен кәсіби аудармашылардың республикалық семинары басталды. Шараға еліміздің бірнеше облысынан қазақ тілінен орыс тіліне аударатын мамандар келді. Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің қолдауымен өтіп жатқан шара апта соңына дейін жалғаспақ. Мақсат - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, әрі білікті аудармашылар тобын қалыптастыру. 

Салтанат Хамзақызы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкері:

- Ілеспе аудармада адамдардың тез қабылдап, тез аударуы қарастырылады. Соған байланысты дайындық болады.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу