Басты Жаңалықтар Жамбыл облысындағы пойыз апатының себебі анықталды

Жамбыл облысындағы пойыз апатының себебі анықталды

Адам өлімімен аяқталған Шудағы шойын жол апатының себебі анықталды. Рельс уақытылы жөнделмегендіктен, қисайып кеткен. Тергеу қорытындысын жариялаған Бас көлік прокуратурасы апатқа 3 адамды кінәлі деп тапты. Пойыз жол бағытына жауапты «Шу шойын жол қашықтығы» бекеті бастығының орынбасары мен №2 учаске бастығы және оның орынбасарына айып тағылып отыр. Қылмыстық іске қатысты 700-ден астам адам сұралған. Іс Шу аудандық сотына жіберілді. Естеріңізге сала кетейік, 17 маусымда Жамбыл облысында «Астана-Алматы» бағытындағы «Бәйтерек» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, жасөспірім қайтыс болды. 3 адам жарақат алды.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу