«Лаула». Дәл осындай атаумен бүгін Астанада балалар шығармашылығының халықаралық байқауы басталды.
Талантты жастар «Вокал», «Аспаптық өнер» және «Хореография» номинациялары бойынша өзара бәсекеге түспек. Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден аса өтініш келіп түскен. Конкурстың діттегені – шығармашылық әлеуетті дамытып, қабілетті балаларды анықтау және қатысушылардың өнерін шыңдау. Сондай-ақ, вокал, аспаптық музыка, хореография мен бейнелеу өнері бойынша балалардың жетістіктерін білікті мамандарға көрсету.
Қымбат Мұқанқызы, Оқушылар сарайы Әдістемелік бөлімнің жетекшісі:
- Оқушыларды қосымша білімге, уақытты тиімді пайдалануға баулу керек. Талантты балаларды анықтау үшін және өзіміздің ұлттық дәстүрімізді насихаттау үшін жасалып жатыр.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.