Астанада жемқорлық әрекетке барды деген күдікпен бірнеше тұлға ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жемқорлық әрекетке барды деген күдікпен бірнеше тұлға ұсталды

01.11.2018

Астана қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары және «Әуежай Астана» кеден бекетінің басшысы жемқорлық әрекетке барды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Жанна Бастарова мәлім етті. Олар жеке тұлғалардан контрабандалық тәсілмен шекарадан өткізбекші болған зергерлік бұйымдарына кедендік бақылау жүргізбегені үшін пара алған. Күдіктілер қамауға алынды. Ал, Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы мен әкімшілік департаментінің директорына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар мердігер ұйым жетекшісінен мемлекеттік сатып алу келісімін жасағаны үшін және «жалпы қамқорлық жасағаны» үшін пара алды деген күдік бар. Бұдан бөлек, өткен аптада Шығыс Қазақстан облысындағы аудандық сотының, Өскемен қаласы сотының судьялары және Әулиекөл ауданы сотының төрағасы «бармақ басты, көз қыстылыққа» жол берді деген күдікпен ұсталды.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу