Ең жоғары зейнетақы - 337 059 теңге - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең жоғары зейнетақы - 337 059 теңге

31.10.2018

Елімізде ең төмен зейнетақы - 15273 тг, орташа төлем - 20179 тг, ал, ең жоғары зейнетақы - 337 059 тг. Бірақ, жеке тұлғаның дерегін қорғау мақсатында оның есімін жариялай алмаймыз.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» компаниясы басшысының орынбасары Сәуле Егеубаева айтты. Маманның сөзінше, жыл өткен сайын қордың жұмысы жүйеленіп келеді. Мәселен, осы жылдың 1 қазанына дейінгі зейнетақы жинақтарының жалпы жиынтығы - 8,9 трлн. теңге болған. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 1,4 трлн. теңгеге артқан. Жыл басынан бергі өсім - 1,1 трлн. теңгеге жетіп, 14 пайызға өскен. Ал, биыл 9 айдың ішінде қордан 130,9 млрд. теңге зейнетақы төленген. 

Қадыржан Жасұланұлы, «БЖЗҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры:

- Электрондық қызметтердің барлық түрін жетілдірудің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп жатырмыз. Соның есебінен жыл сайын сыйақы көлемі азайып жатыр. Инвестициялық табыстан келесі жылғы ол 5 пайызға азаятын болады. Ал, зейнетақы активтерінен айына 0,015 пайыз көлемінде азаятын болады. Қазіргі кезде ол 0,025 пайызды құрайды.  

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу