Алматыда мектеп оқушылары арасында бизнес фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мектеп оқушылары арасында бизнес фестивалі өтті

31.10.2018

Халықаралық Британ кеңесі ұйымдастырған шарада жасөспірімдер түрлі стартап жобаларын ұсынды.

Фестивальдің ерекшелігі сол – балалар осы бастан кәсіпкерлік саласына бағыт алып, тәжірибе жинайды. Сондықтан, жарысқа 14 пен 17 жас аралығындағы 100-ден астам бала қатысуға өтініш білдірген. Солардың 10-ы ақтық сынға жолдама алды. Осылайша, олар жобаларын білім мен инновация саласындағы танымал мамандарға көрсетті.

Жанар Қошпанова, ұйымдастырушы:

- Бұл жобаны біз бес жыл бойы іске асырдық. Көптеген нәтижелер болды. Мысалы, осы жобада 3 мыңнан астам мектеп оқушысы қатысты. Көптеген тренингтардан, менторлық жобадан өткізілді. Жыл сайын біз әртүрлі тренингтарды өткіздік.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу