Биыл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі құжатқа 10 жыл толды. Ал, дипломатиялық байланыс осыдан 26 жыл бұрын орнаған. Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Тараптар елдер арасындағы алыс-берісті, түрлі саладағы ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты. Әсіресе, білім мен ғылым бағытанда атқарылып жатқан біріккен жобаларға тоқталды.
Дулат НУРКИН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.