Атырауда жалған дипломмен жұмыс істеп келген теміржолшылар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жалған дипломмен жұмыс істеп келген теміржолшылар анықталды

30.10.2018

Көлік прокуратурасы мамандарының тексерісі нәтижесінде 18 дерек әшкере болды. Нақтырақ айтсақ, теміржол саласының бірқатар қызметкерлері жұмысқа орналасу және қызметтен ауысу кезінде Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітіргені туралы жалған құжаттарды пайдаланған. Олардың арасында жауапты бөлім басшылары да бар. Бүгінде заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында тексеру амалдары жалғасуда.  

Елеусіз Есенов, Атырау көлік прокуратурасының аға прокуроры:

- Кейбіреулері теміржол локомотивін басқарған, желіні жөндеген, күрделі жөндеуден өткен жылжымалы құрамдарды қабылдап отырған. Жалған диплом пайдаланған тұлғалардың қызметтері төмендетіліп, өзге жұмыстарға ауыстырылды.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу