Өскеменде қолданыстан шыққан тұрмыстық техникаларды жинақтайтын арнайы орындар ашыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде қолданыстан шыққан тұрмыстық техникаларды жинақтайтын арнайы орындар ашыла бастады

30.10.2018

Бұл жұмысты жеке кәсіпкерлер қолға алып жатыр. Экологтардың мәліметі бойынша,  өңірде бір жылда 180 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылса, оның 3-4 пайызы ғана өңделеді. Жыл санап қалдық төгетін полигондардың да аумағы үлкейіп барады. Сондықтан, қоқыс өңдеуді кәсіпкерлер қолға алуда. Ескі техникаларды жинай бастаған кәсіпкер қалада арнайы контейнер ортанып қойған. Қоңырау шалған тұрғындардың да техникасын үйден алып кетеді. Кейін оларды Қарағанды қаласындағы қалдықтарды өңдейтін кәсіпорынға жібереді.  

Сергей Сергеев, кәсіпкер:

- Бұған дейін тұрғындар жарамсыз тұрмыстық техникаларын қайда жібергенін білмейміз. Біз бұрын тек заңды тұлғалардан, яғни, мекемелерден қабылдағанбыз. Енді жеке тұрғындардан да аламыз. Әрбір жерге арнайы контейнерлер орнаттық.    

 

Берік КӨШЕРБАЙ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу