Зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлының туғанына - 175 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлының туғанына - 175 жыл

30.10.2018

Биыл зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының туғанына - 175 жыл. Осыған орай, Атырауда республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оған белгілі ғалымдар мен зерттеушілер қатысқан. Жиналған зиялы қауым өкілдері ақынның жалынды жырлары қоғамды рухани жаңғыруға бастайды деген пікірде. Аталмыш шара аламан айтыспен жалғасты. 20 ақынның басын қосқан додада бас жүлдені Оралдан келген Жансая Мусина еншіледі.  

Нәсіпқали Сейітов, Қазақстан ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор:

- Мұрат атамыз осындай шақты армандап кеткен болса керек. Ол кісінің өлеңдерінің жалпы бағыты сол кездегі орыстың астамшылдығына қарсы жазылған болатын.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу