Ақмола облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінетін субсидия көлемі артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінетін субсидия көлемі артып келеді

29.10.2018

Биыл 2 мыңға жуық шаруашылыққа барлығы 30 миллиард теңге субсидия берілген. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының есептік сайлау конференциясында талқыланды. Биыл аймақ күзгі орақ науқанын да ойдағыдай аяқтап, 5,5 миллион тонна астық жинаған. 9 айдың қорытындысы бойынша білім, медицина, мәдениет, спорт салаларында да бірқатар оң өзгеріс байқалады. Облыста биыл 394 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жыл соңына дейін 18 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын қалды.  Бүгінде өңірдегі орташа еңбекақы мөлшері 115 мың теңге көлемінде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық. «Нұротандықтар» Елбасының Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, бұл көрсеткіш алдағы жылдары тағы да арта түсеріне сенімді. 

Мәлік Мырзалин, Ақмола облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы АОФ төрағасы:

- Тұрғын үй мәселесін шешуде Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аса маңызды рөл атқаруда. Бүгінгі таңда облысымыз «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикада үздік бестіктің қатарына кіріп отыр. Осы уақытқа дейін жалпы құны 1,2 миллиард теңгеге 139 өтініш мақұлданған. Тұрғын үй құрылысын жыл сайын 400 пәтерге арттырып отыруымыз қажет. Сонда ғана 2030 жылы адам басына 30 шаршы метр тұрғын үй қамтамасыз ететін боламыз.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу