Елімізде әлемдік әдебиеттер онлайн оқытылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әлемдік әдебиеттер онлайн оқытылады

29.10.2018

Қазақстанда бүкіл дүниежүзі мойындаған әлемдік туындылар онлайн оқытылады. Ұлттық аудармалар бюросының басшысы Рауан Кенжеханұлы осы орайда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді. Қазір әлемге танымал тұлғалардың миллиондаған тиражбен шығарылған кітаптарын аудару жұмыстары басталды. Оның ішінде Энтони Кеннидің 4 бөлімнен тұратын «Батыс философиясының жаңа тарихын», Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихын» атап өтуге болады. Халықаралық құқық бойынша әлемге танылған Стивен Пинкердің «Язык, как инстинкт», яғни, «Тіл - басты түйсік» деп аталатын кітаптары қазақ тіліне аударылады. Сондай-ақ, экономика, кәсіпкерлік, менеджмент, маркетинг, бизнес-коммуникация мен инновация салалары бойынша да оқулықтар қазақ тілінде сөйлейтін болады. Бұл кітаптар арқылы келесі жылдан бастап алғашқы тыңдаушылар қазақ тілінде іскер әкімшілік магистрі дәрежесін ала алады. «Жаңа гуманитарлық білім» жобасына кірген осы және өзге де оқулықтар тек қана қазіргі гуманитарлық білімнің негізін қалап қана қоймай, азаматтық ұстанымның қалыптасуына, кәсіпкерлік мәдениеттің артуына септігін тигізеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің іскер қоғамның жаңа сапасын қалыптастырады.  Сондай-ақ, Рауан Кенжеханұлының мәліметінше, аударылған кітаптардың негізінде онлайн курс ұйымдастырылмақ.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу