Алдағы күндері Қазақстанның барлық өңірінде күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы күндері Қазақстанның барлық өңірінде күн суытады

29.10.2018

Еліміздің оңтүстігінде қар аралас, ал, таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. Солтүстікте боран соғып, көктайғақ болады. Батыс және солтүстік-батыстан соққан жел де ауа райын бұзады. Жалпы, қараша айында синоптикалық процесстердің жиі алмасуына байланысты күн райы құбылмалы болып тұрады. Аязды және жылы күндер алма кезек ауысып отырады. 

Синоптиктердің мәліметінше, қарашаның бірінші, екінші және үшінші онкүндіктерінің ортасында аяз кәдімгідей сезіледі. Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы түнде 10, 20 градус төмен, ал, күндіз -5, - 10 аяз болады. Оңтүстік жартысында түнде -5, -10 аязға, күндіз -0, -5 аязға төмендейді.

Айнұр Қайынбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Астана қаласы бойынша 30 қазанда көшпелі бұлтты жауын-шашын жауады. Ауаның күндізгі және түнгі температурасы 0 градус шамасында. Күндіз әрі қарай төмендеуі байқалады. 31 қазанда түнде қар жауады, боран болады. Ауаның температурасы 5-7, түнде 2-4 градус аязды құраса, 1 қарашада күндіз қар жауады, боран болады. Ауаның түнгі температурасы 1-3,  күндіз 7-9 аяз.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу