Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

29.10.2018

Талдықорғанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Негізгі мақсат - Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды әйелдер қауымы болып жүзеге асыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау. Бүгінде еліміздегі азаматтық қоғам қалыптастырудағы аналардың үлесі артып келеді. Білім беру саласы мамандарының 75 пайызы, денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбеккерлердің 65, мемлекеттік қызметшілердің 55 пайызы - әйелдер. Сондықтан, Елбасы алға қойған мақсат-міндеттерін орындауда қыз-келіншектердің рөлі орасан. 

Назипа Шанаи, ҚР Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылық меңгерушісінің орынбасары:

- Ұлттық кодты жоғалтпай, әр туылған баланың өзінің ұлтына деген сүйіспеншілігін және сол ұлт өкілі ретінде мақтана білетіндей деңгейде тәрбиелеу үшін бағытты жұмыс жүргізіп отырмыз.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу