Қамқоршылық кеңес жұмысы жанданбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қамқоршылық кеңес жұмысы жанданбақ

29.10.2018

Білім және ғылым министрлігі балалардың білім алуына мейлінше қолайлы жағдай туғызу үшін  мектептердің жанынан ата-аналардан қаржы жинайтын жаңа құрылымның жұмысын жандандырмақ. Қамқорлық Кеңесі деп аталатын ұйымға білім ошақтарына демеушілік жасауға ниетті кәсіпкерлер немесе ұстаздарға сыйлық жасағысы келген әрбір азамат ақша аудара алады. Шымкент қаласында министрліктің ұйымдастыруымен осыған байланысты арнайы жиын өтті. Ұстаздар қайырымдылық Кеңесінің жұмысын жетілдіруге байланысты ойларын ортаға салды. Жалпы, мектептерге есепшотқа жиналған қаржыны мемлекеттік сатып алу заңы талаптары бойынша өз қажеттіліктеріне жұмсау ұсынылып отыр. Оның тиімді әрі орынды жұмсалуын ашық бухгалтерия арқылы бақылауда ұстамақ. Кеңес сондай-ақ, мектеп директорларын сайлау, оның жұмысының дұрыстығын бақылауға да ықпал ететін тетік болғалы тұр. Сала басшыларының айтуынша бүгінгі таңда білім саласына мемлекет есебінен жеткілікті қаржы бөлініп отыр. «Дей тұрғанмен, мектептер ата-аналардың қамқорлығына зәру», - дейді олар. 

Жанат Тәжиева, қалалық Білім саласын бақылау департаментінің басшысы:

- Мектептер бүгінгі таңда 100 пайыз компьютермен қамтылмаған. Сондықтан, мектептің  қажеттіліктері болуы мүмкін. Оқушыларды саяхатқа апаруымыз немесе түрлі марафондар өткізуіміз мүмкін.  Дәл осындай шараларға жұмсалатын дүние. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу