Алматы облысында «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының саны 760-қа жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының саны 760-қа жетті

26.10.2018

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мектеп қабырғасынан басталып жатыр. Былтыр өңірде «Адал ұрпақ» атты ерікті мектеп клубтары құрылды. Қазір олардың саны 760-қа жетіп, ұйымға 240 мыңға жуық оқушы мүше болды. Клубтарды құрудағы басты мақсат - жастарға патриоттық тәрбие бере отырып, олардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.

«Адал ұрпақ» мүшелері Талдықорғандағы слетте бас қосып, өзара үздікті анықтап, білім мен өнер, спорттағы жетістіктерін ортаға салды. «Сапалы білім, саналы тәрбие алып жатқан ұрпаққа жемқорлықтың зияндығы туралы ақпарат көптік етпейді. Тек осылай ғана ары таза, еңбегі адал, халқына қызмет ететін буын қалыптастырамыз», дейді ұйымдастырушылар.

Аружан Ағыбаева, «Адал ұрпақ» клубының мүшесі /Талғар ауданы/:

Мен жемқорлықтың не екенін түсінемін және оны жеңу үшін барымды салып жүрмін. Өзімнің аға-бауыр, қарындастарыма, баурластарыма оның не екенін түсіндіре отырып, халықтың одан әрі еңбекқор, одан әрі адал болуын қалаймын.

Серікбай Нұрғисаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

Тәуелсіз мемлекеттің болашағы, бүгінгі балалар бойларына осы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қасиетті сіңіріп жатыр. Ең бастысы осы.  

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу