Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуға ниетті тұрғындар саны артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуға ниетті тұрғындар саны артқан

26.10.2018

Ақтөбе қаласы мемлекеттік бағдарламамен берілетін пәтерлерді рәсімдеу бойынша Астана, Алматы қалаларынан кейінгі орында. Бұл жөнінде облысқа жұмыс сапарымен барған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева айтты. Облыс орталығында  «7-20-25» бағдарламасы бойынша 870 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылуы тиіс. Қазірдің өзінде  200-ден астам адамнан өтініш түскен.

Тұрғындар пәтерлерді 7 банк арқылы рәсімдей алады. Мәжіліс депутаты «Тұрғын  үй  құрылыс жинақ банкі» мен ірі құрылыс компанияларының басшыларымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жалпы, өңірде мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуға ниетті тұрғындар саны артқан.

 

Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Осы банк арқылы тек қана 9 айдың ішінде 10 миллиард теңгеге жуық ақша бөлінген. Қазір 1134 отбасы пәтер алды. Бұл бағдарлама бәріне ұнайды.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу