Шымкент қаласы мен Түркістан облысының дамуына қосымша 29 миллиард теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының дамуына қосымша 29 миллиард теңге бөлінеді

25.10.2018

Оған сәйкес, әкімшілік мәртебелері өзгерген Шымкент қаласы мен Түркістан облысының дамуына қосымша 29 млрд. 700 млн. теңге бөлінеді. Бұл қаржы аймақтың жылу-энергетикалық және көлік секторын жаңартып, әлеуметтік маңызды нысандарды салуға жұмсалмақ. Ал, Президенттің 5 қазандағы Жолдауын орындау үшін қазынадан қосымша 39 млрд. 400 млн. теңге қарастырылып отыр. Бұл қаржының 15 миллиарды қолжетімді баспанаға арналған. Ал, әскери салада қызмет ететін азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін жаңа тетіктер енгізілмек. Ол үшін келер жылға бюджеттен қосымша 9 млрд. 200 млн. теңге бөлінеді. Сенат отырысында депутаттар Үкіметтен бюджетті игеруде жыл сайын туындайтын проблемалар жайын да сұрады. Мәселен, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 47 млрд. теңге орындалмай қалған.

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Актілерді басқаша жасау керек болса, неге жасалынбайды? Неге жоспарлау барысына прагматикалық көзқараспен қарамайсыңдар және жоспарламайсыңдар?

Ерболат Досаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- 47 млрд. аз сома емес. Бірақ, өткен жылдарға қарағанда, 9 айдың ішінде көп жұмысты өткіздік.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу