Астанада өткен агрофорумда Жерді ұтымды пайдалану мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өткен агрофорумда Жерді ұтымды пайдалану мәселесі талқыланды

25.10.2018

Дүниежүзінде шабындық, егістік және жайылым жерлері көлемімен алдыңғы бестікке кірсек те, халық шетелдің көкөнісі мен жемісін тұтынады. Бұл жерді ұтымды пайдалана алмаудың айқын көрінісі. Астанада өткен агрофорумның өзекті мәселелерінің бірі осы болды. Яғни, халықты сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге қам жасалуы тиіс. Бұған енді тиісті министрлік, құзырлы органдармен бірге, үкіметтік емес ұйымдар да бас қатырмақ. Кезекті форумның ерекшелігі де сол. Мүдделі топ жерді игеру бойынша өзге де кемшіліктерді реттеуге ден қойып отыр.   

Нұрлыбек Қуаңбаев, «Желтоқсан қоғамы» ҚБ төрағасы:

- Көптеген Жерлер игерілмей жатыр, құнарлы Жерлер банктерде кепілдікте тұр. Қарыз болғандықтан, банк оны бере алмайды. Сондықтан, осы механизмдердің барлығын, банктен шығару механизмін қарастыру керек. Оны іскер азаматтарға жалға беру керек. Сосын Жерді 49 жылға жалға беру дегенмен онша келіспеймін. Бастапқыда 3 жылға беріп, пайдаланбаса, қайтарып алу қажет.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу