Мыс рудасына сұраныс жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мыс рудасына сұраныс жоғары

05.06.2014
Мыс рудасына сұраныс жоғары
Әлемде мыс өнімдері жоғары бағаланады. Сондықтан Ақтөбедегі мыс комбинатының өніміне сұраныс көп. 5 кен орны бар кәсіпорын мыс рудасын ашық жолмен алып, заманауи технология арқылы байытады.
 
Жылына 5 миллион тонна руда өңделеп, 4 жарым миллион тонна мыс-мырыш өндіреді. Шикізат Ресей мен Қытайдағы балқыту зауыттарына жіберіледі. Ақтөбе өңірінің рудаларынан түрлі темір бұйымдар жасалып, әлемнің әр түпкіріне жіберіледі.
 
Бұл руда - тас күйіндегі мыс шикізаты. Мамандар жерді жарып, 200-ден 350 метр аралығындағы тереңдіктен алады. Диірменде уатылып, байыту комбинатына түседі. Осы жерде қажет минерал түзіледі.
 
Гүлниса Байбосынова, оператор:
Осы фабрикада 350 тонналық қайта өңдеу жоспарланған. 4 диірмен бар. Мыс флотациясында 23 флотомашина, мырыш флотациясында 28 флотомашина бар. 
 
Компания Финляндияның озық құрылғысымен жабдықталған. Байыту процесі 3 үрдіс бойынша жүргізіледі. Ұнтақталып, одан соң химиялық-физикалық қасиеттеріне сай минерал бөледі.
 
Берік Шығырбаев, технолог:
Мыстың өзі судан қорқады. Сол себепті, арнайы камераларға ауаны берген кезде ауа көпіршіктеріне мыс жабысады. Осы үрдісті катализаторды күшейту барысында химиялық реагенттер беріледі. Соның арқасында көбіктер су бетіне шығып, содан кейін дайын өнім арнайы насостармен перекачка жасалады.
 
Өнім сүзгіден өтіп, 8-9 пайыз ылғалда сақталады. Осылай айына 210 мың тонна руда байытылып, Қытайға қаппен, Ресейге вагондарға тиеліп жіберіледі. 60 пайыз өнімді Ресей Федерациясының Карабаш мыс зауыты алады.
 
Александр Кошик, «Ақтөбе мыс компаниясы» серіктестігінің бас директоры:
60 мың тонна мысты концентрат күйінде жібереміз. Жыл сайын. Қазір «Приорское» кен орнын іске қосып, 48 мың тонна мырышты балқыту зауыттарына жібереміз.
 
Компания болашақта кен орындарында ашық кеніштер салу арқылы мыс- мырыш өндіруді 20 пайызға арттыруды көздейді. Сондай-ақ, жылына 3 ммллион тонна мыс-мырыш кенін өндіретін жер асты кеніштерін салу да жоспарлануда. Бұл экспорт көлемін арттырып, өзге де алыс және жақын шетелдермен серіктес болуға мүмкіндік береді.
 
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу