Бүгін «Сөзден іске» шарасы аясында тұрғындар денелерін шынықтырып, алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәсілдерін меңгерді. Олардың ішінде шетелден шақырылған 90-ға жуық қонақ та бар. Осылайша, денсаулық сақтау ұйымдары күнделікті жаттығу жасау, жүгіру, саламатты өмір салтын сақтау туралы айтып қана қоймай, іс жүзінде дәлелдеп, насихат жүргізді. Шара кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еріктілермен бірге сапқа тұрды.
Дәулетхан Есімов, Ұлттық денсаулық сақтау ұйымының кеңесшісі:
- Бұл шараның аты «Сөзден іске». Біз көбіне «былай істе», деп айтамыз. Тамақтың мынадай түрін іш. Ана түрін ішпе дейміз. Бірақ, соны іспен көрсету керек.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.