«Союз» зымыран тасығышы апатынан экологиялық зардап болған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Союз» зымыран тасығышы апатынан экологиялық зардап болған жоқ

24.10.2018

Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов атты. Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан зымыран тасығыш 11 қазан күні Қазақстан аспанында апатқа ұшыраған болатын. Апаттан екі ғарышкер капсула арқылы жерге оралып аман қалды. Министрдің сөзінше, апаттан аймаққа ешқандай экологиялық зиян келмеген. Жерден сынақ алу жұмыстары қазір аяқталған.

Бейбіт Амақұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

- Бұл экологиялық таза отын-керосин. Оның үстіне 47 шақырым биіктікте жанып кетті. Мен бұған дейін де айтқанмын. Қалалардың үстінен күніне көптеген ұшақтар ұшады. Олар да осындай керосин жағады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу