Кәсіпкерлер антикоррупциялық жүйеде мамандардың сүйемелдеуімен жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер антикоррупциялық жүйеде мамандардың сүйемелдеуімен жұмыс істейді

24.10.2018

Қазақстан Орталық Азия бойынша инвестиция тартуда алғашқы орында. Сол аймақтағы 70% шетелдік қаржы біздің елге құйылады. Мұның сырын Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов дипломатиялық корпусқа айтып берді. Инвестордың құқығын қорғауға құзырлы органдар жауапты. Қазір республикада құны 16,4 млрд. доллар болатын 160 бизнес жоба іске асырылуда. Кәсіпкерлер антикоррупциялық жүйеде мамандардың сүйемелдеуімен жұмыс істейді. Бұл өңірлердегі 24 сағат 7 күн инвесторларға қолдау көрсететін жобалық кеңселер. 

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Тәжірибенің өзі көрсетіп тұр. Инвестор агенттікпен келісімге келіп, жұмыс істей бастағаннан шенеуніктердің қарым-қатынасы өзгереді. Ал, бизнесменді жемқорлыққа бару тәуекелдерінен құтқарады. Антикоррупциялық уағдаластыққа келгелі бері бірде-бір жоба бойынша мемлекеттік органдармен соттасу әурешілдігі туындамады. Бұған дейін 153 арыз түссе, оның 129-ы кәсіпкерлер мүддесіне шешілді. Қалғаны қаралып жатыр.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу