Алматыда «Салауатты қалалар» жүйесінің саммиті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Салауатты қалалар» жүйесінің саммиті басталды

24.10.2018

Алматыда ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» желісіне қатысушы мэрлердің саммиті басталды. Екі күндік шарада қалалардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі рөлі және денсаулық сақтау ісіне көпшілікті кеңінен тарту жөніндегі мәселелер талқыланады. Жиын Алматыда қол қойылған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық декларацияның 40 жылдығына орайластырылған. Жалпы, осы декларация  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты қалалар» атты Еуропалық желісін құруда маңызды рөл атқарды. Сол кезден бастап жергілікті қоғамдастықтар базасы негізінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесі жұмыс істеп келеді.  

Тоғжан Есбергенова, №2 қалалық емхананың бас дәрігері:

- Қазір халқымыздың денсаулығына өте көп көңіл бөлініп жатыр. Елбасымыздың өзі үлкен көңіл бөліп жатыр. Бізде көптеген денсаулық бағдарламалар бар. Солардың іске асуына біз үлкен іс-шаралар жасап жатырмыз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу