Негізі жұмыс істеп бастағанына екі ай болған. Бұл орталықта мүгедек бала бағып отырған аналар өздерін жан-жақты дамыта алады. Ал, балғындар ол уақытта арнайы мамандардың қарауында болады. Орталықта келіншектерге компьютерлік сауаттылық курстары, бухгалтерлік есеп, бизнесті жүргізу сабақтары өткізіледі. Мамандар көпшіліктің алдына шығып еркін сөйлеуге және әр әйелге өзін тұлға ретінде қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін үйретеді. Бетті әрлеу мен киім үлгісі жөнінде кеңес беретін мамандар да бар. Негізі жоба авторлары - мүгедек баласы бар аналар. Үлкен қиындықтан өткен олар өздеріндей жандарға көмектесіп, жарымжан аналардың кәсіби тұрғыда өсуін, бала тәрбиесінен шет қалмай-ақ, табыс табуға болатынын көрсеткісі келеді.
Айгүл Бердәлиева:
- Ерекше балалар өмірге келгеннен кейін көп ата-аналар қоғамнан тыс қалып қояды. Тек қана бала тәрбиесімен, денсаулығымен кетіп қалады. Табыс таба алмайды, өзін-өзі жоғалта бастайды. Ал, бұл жерде сен өзіңді-өзің табасың. Сенің жеке тұлға ретінде пікірің қалыптасады. Сені құрметтейтін адамдардың барына қарап, ашыласың, өмірге деген құлшынысың артады.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.