9 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7,5 триллион теңгені құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7,5 триллион теңгені құрады

23.10.2018

Биыл тоғыз айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7,5 триллион теңгегені құраған. Салалар бойынша құрылыс пен өңдеу және тау-кен өнеркәсібінде өсім байқалған. Бүгін Үкімет отырысында инвестиция тарту мәселесі қаралды. Инвестициялардың басым бөлігі Атырау, Астана және Алматы қалаларына тиесілі. Ал, жекеменшік инвестиция тарту бойынша бірнеше облыста былтырғыдан төмен көрсеткіш тіркелген. Үкімет басшысы инвестициялық форумдардың нақты қандай пайдасы бар екенін тексеру қажеттігін айтып, инвестция тарту жұмысын елшілерде белсенді атсалысу керектігін ескертті. Тіпті, инвестиция тартуға жауапты мекемелерге KPI бағалау жүйесін енгізуді қарастыру керектігін айтты.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Тікелей шетелдік инвестицияны айтсақ, онда жарты жылдың нәтижесі бойынша 15,5 пайыз өсім бар. Бүгін Премьер-министрдің айтқаны жекеменшік инвестиция. Ол жағынан бірнеше облыстың көрсеткіштері былтырғыға қарағанда төмендеді. Оның ішінде Қызылорда, Ақтөбе, СҚО және Астана мен Шымкент қаласы бар.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу