Ақтаудан Иранға қарай бет алған «Назмехр» жүк кемесінің 3 экипаж мүшесі қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудан Иранға қарай бет алған «Назмехр» жүк кемесінің 3 экипаж мүшесі қаза тапты

22.10.2018

Алдын ала болжам бойынша кемедегілер химиялық затпен өңделген астықтан уланып қалған көрінеді. Кеме Әзірбайжан жағалауына жақындаған кезде жаппай кемедегілердің уланғаны мәлім болады. Дереу Әзірбайжан жағалау күзетінің көмегіне жүгінеді. Жағдайлары ауыр экипаж мүшелері жағалауға жеткізілді. Дегенмен, үш адам дәрігерлер көмегі жеткенше қайтыс болып кеткен. Бұдан бөлек, 8 матрос жергілікті ауруханаға жатқызылды. Олардың өміріне еш қауіп жоқ. Ал, кеме капитаны медициналық көмектен бас тартқан.  

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

- Маңғыстау облысындағы АШМ инспекциясы себептерін анықтап жатыр. Қазіргі таңда Иран тарапы бұл мәселе бойынша хабарласқан жоқ.

 

Ғабит    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу