ЕАЭО зейнетақы заңнамасына әсер етпейді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО зейнетақы заңнамасына әсер етпейді (ВИДЕО)

04.06.2014
ЕАЭО зейнетақы заңнамасына әсер етпейді (ВИДЕО)
Еуразиялық экономикалық одақ  оған мүше елдердің зейнетақы заңнамасына еш әсер етпейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды.
 
Интеграциялық үрдістер тақырыбында өткен жиынға Сенат депутаттары Владимир Бобров пен Ақан Бижанов қатысты.
 
Сенаторлар «одақтың саяси емес, экономикалық екенін ескерсек, зейнетақы жүйесіне одақтың еш қатысы болмайды», деген пікір айтты.
 
2015 жылдан жұмыс істей бастайтын одақтың тағы бір үлкен нарығы мұнай мен мұнай өнімдері, газ бен электр энергиясы және дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар болмақ.
 
Бұл осы саладағы ірі кәсіпорындарды біріктіріп, оның айналасына шағын және орта бизнесті топтастыруға жол ашпақ.
 
«Қорыта айтқанда, экономикалық одақ қай жағынан болмасын тиімді»,-деп түйіндеді сөзін депутаттар.
 
Ақан Бижанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Еуразиялық экономикалық одақ  ДСҰ-ға кірудің бірінші сатысы, деп айтуға болады. Осы ұйымға мүше мемлекеттермен тығыз байланыс орнатсақ, біздің келешегіміз өте жақсы болады.
 
ДулатАБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу