Отандық кәсіпкерлер үшін нарық көлемі 10 есеге артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық кәсіпкерлер үшін нарық көлемі 10 есеге артады

04.06.2014
Отандық кәсіпкерлер үшін нарық көлемі 10 есеге артады
«Еуразиялық экономикалық одақтың елімізге берері мол»,- дейді қарағандылықтар.
 
Енді отандық кәсіпкерлер үшін нарықтың көлемі 10 есеге артады. Әрине, 170 миллион халықты қамтитын экономикалық кеңістікте тек бәсекеге қабілетті өнімдер айналымға шығады.
 
Яғни, елдегі бизнес өкілдері нарықтан өз орнын табу үшін тырысады. Кәсіпорындарда өндіріс көлемі ұлғайтылып, сәйкесінше, жұмыс орындары ашылады.
 
Перизат Әубәкірова, қала тұрғыны:
 Үш ел арасындағы бұл келісімшарт өндірістің дамуына ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, елдер арасындағы байланыстың дамуына ықпал етеді.
 
Әділ Қасқарауов, қала тұрғыны:
Жаңа нарыққа шыққан соң  біздің кәсіпкерлердің тауарын жаңа деңгейде шығару керек болады. Біздің елімізден алынған тауарлар бюджетке пайда әкеледі. Ал, түскен қаржы елдегі қарапайым халыққа пайдасын тигізеді, деп ойлаймын.
 
Орал Жүзбаев, қала тұрғыны:
Үш ел арасындағы қарым-қатынас өте жақсы болады. Еліміздің экономикасына көп көмегі тиеді. Мысалы, біздің азаматтар Ресей, Беларусь жеріне барып, бизнес аша алады.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу