Атырауда жеңілдетілген несиені мақсатсыз пайдаланған кәсіпкерлерге айып тағылды. Аймақ прокурорларының жүргізген тексерісі нәтижесінде, 20 млн. теңге қаражаттың талан-тараж болғаны анықталды.
Мысалы, қала тұрғыны жолаушы тасымалдаймын деп автобус сатып алу үшін 5 млн. теңге несие алып, қаражатты үйін жөндеу мен емделуге жұмсаған. Сол сияқты кәсіпкер жолаушы тасымалымен айналысу үшін 3 млн. теңге несие рәсімдеп, көлік сатып алған. Несиені өз пайдасына жаратқан пысықайларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ақшасы мемлекетке қайтарылды.
Аслан Нұрғалиев, Атырау облыстық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары:
12 кәсіпкер несиелерін мақсатсыз пайдаланғаны анықталды. Қадағалау актісі негізінде жосықсыз кәсіпкерлерден, мемлекет пайдасына 16 млн. теңге қаражат өндірілді.
Ж.ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.