«Қазақстанның үздік тауарын» онлайн дауыс беру арқылы анықтаңыз. Көрме-байқау қазанның 12-і мен 13-і күндері Астанада өтеді. Биылғы сынға қатысушылар саны былтырғымен салыстырғанда 1,5 есеге артқан. Яғни, 1168 компаниядан тек 27 үміткер қалады. Олардың өзі «Азық-түлік», «Өндірістік мақсаттағы», және «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымын алуға тырысады. Марапат мұнымен бітпейді. «Үздік сапа», «Үздік тауар», «Үздік бренд» деген де атақ беріледі. Көрме кәсіпкерлердің өзара іскерлік қатынас орнатуына, экспорттық мәселелерін шешуге жағдай туғызады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.