Қазір онда 9 оқушы білім алып жатыр. Олармен арнайы мамандар жұмыс істейді. Даму ерекшелігі бар балалар үшін сыныптарда қажетті жағдай жасалған. Дефектолог, логопедтер оқушылардың қабілеттері мен мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай жан-жақты жұмыс жүргізеді. Бұл облыста ашылған алғашқы орталық әзірге аз балаға ғана шақталған. Ал, өңірде аутизмге ұшыраған 300-ге жуық бала бар.
Бибігүл Әскерова, тұрғын:
- Қазіргі таңда мектепке келіп, таңертеңгі сағат 8-ден 12-ге дейін сау балалармен бірге оқиды. Соның өзі аутист балаларға үлкен көмек. Бала бірте-бірте ашылады, қоғамға бейімделе бастайды. Өзін ұстай біледі.
Гүлмира Рахманова, психолог:
- Қазіргі таңда бұл мекемеде тьютор болып жұмыс істеймін. 1 ай жұмыс барысында біз АБ терапиясын қолданамыз. Жұмыс барысында балаларды зерттейміз. Уақыт бойынша қандай прогресс бар екенін көреміз.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.