«Бесіктен беске дейін». Осындай атаумен білім беру саласының үздігі, ұстаз, ақын-сазгер Жақсыгүл Қалжанованың кітабы жарық көрді. Жас отбасыларға арналған жинақ «Бесік жайлы жырмен» басталып, бес жастағы балаларға ұғынықты тілде жазылған өлең тақпақтармен жалғасады. Қазіргі қоғамда ұмытылып бара жатқан «әлди-әлдидің» түпкі мақсаты осы кітапта анық көрсетілген. Жинақтан әсіресе, жас ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты көп кеңес алуға болады.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.