Халық жазушысы Шерхан Мұртаза дүние салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық жазушысы Шерхан Мұртаза дүние салды

09.10.2018

Қазақ руханияты ауыр қазаға душар болды. 87 жасқа қараған шағында қоғам қайраткері, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртаза дүние салды. Марқұм 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы  Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын көркем әдебиет баспасынан бастаған Шерхан Мұртаза әр жылдары  «Жас алаш», «Егемен Қазақстан» және «Жұлдыз» журналының бас редакторы, «Қазақстан» мемлекеттік телерадио  компаниясының төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ, 2-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты болды. «Интернат наны», «Жүрек қартаймайды» әңгімелер жинақтарының; «Қара алқа», «Қызыл жебе» романдарының авторы. Елге еткен өлшеусіз еңбегі үшін «Құрмет» және «Отан» ордендерімен марапатталған.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу