Астана мен Алматыда «Цифрлық күз» басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана мен Алматыда «Цифрлық күз» басталды

08.10.2018

Қазақстандағы Франция елшілігі мұрындық болған жоба аясында қос қалада бірнеше шара ұйымдастырылады. Бұл туралы Францияның Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ хабарлады. Алғашқы шара қазанның 18 күні Алматыда Құрманғазы атындағы Консерваторияда өтеді. Онда смартфондарға арналған арнайы қосымшаның арқасында интерактивті концерт қойылмақ. Жалпы, бұл маусымда цифрлық бағыт таңдалғандықтан, барлық іс-шара виртуалды және цифрлық әлеммен байланысты болады. Мәселен, Астанада «Цифрлық экономика» тақырыбында француз-қазақ форумы, сондай-ақ, инновациялық жобалар байқауы ұйымдастырылады. Бұл доданың жеңімпазы бір аптаға Парижге жолдама алады.

Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Бұл шараларды өткізуге Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен қоса ІТ саласында жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпорындар да ат салысып отыр. Біз бұл маусым барысында Францияның инновациялық жетістіктерімен бөлісіп, сіздің еліңізге өз тәжірибемізді ұсынамыз. Бұдан бөлек, француз мультфильмдерін көруге мүмкіндік туады. Сондай-ақ, әртістеріміз қазақстандық студенттермен кездесіп, шығармашылық кештер ұйымдастырамыз деп отырмыз. 

 

Альбина ӘШІМ  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу