Оралда мектептегі улану бойынша іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда мектептегі улану бойынша іс қозғалды

08.10.2018

Оралда мектеп оқушыларының неден уланғаны анықталды. Үзіліс кезінде №40 мектептің 11-сынып оқушысы газ баллонын шашқан. Бұған дейін ұлдармен сөзге келіп қалған қыз бала сыныптастарын осылай жазаламақ болған. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада қаладағы № 40 мектепте 15 оқушы мен бір мұғалім белгісіз химиялық заттан уланды. 300 бала эвакуацияланды. Қазір зардап шеккен 15 оқушының бәрі үйлеріне жіберілген. Ал, мұғалім әлі ауруханада жатыр. Оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалды.   

Кәмшат Рахым, БҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы:

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне, яғни, бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу