Лондонда еліміздің жаңа инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда еліміздің жаңа инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

03.10.2018

Елдің инвестициялық климатындағы оң өзгерістер, яғни салықтық және қаржылық жеңілдіктер, форумның басты тақырыбына айналды. Ағылшын құқығы нормалары негізінде жұмыс істейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығы да назардан тыс қалмады. Жаһандық инвестициялық форумға делегацияны бастап барған Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев британиялық инвесторларды Қазақстанға шақырды. Кәсіпкерлердің экономикамызды әртараптандырып, жаһандық жүйемен интеграциялануға қажет технологиялар мен бизнес жүргізудің тың тәсілдерін әкелетіндігіне сенім білдірді.

Айта өтейік, тәуелсіздік жылдары Британия Қазақстанға 13 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы құйды. Әлеуеті зор инвесторлар бұл сома ұлғаяды деп отыр.

Сапарбек Тұяқбаев, «Kazakh invest» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы:

-Қазір британиялық бизнес Қазақстанды басқа қырынан қабылдайды. Біріншіден, «Doing business» сараптамасына сәйкес аймақта біздің рейтингіміз өте жоғары. Оның үстіне Қазақстан арқылы Қытай, Орталық Азия, Ресей сынды ірі нарықтарға жол ашылады.

Баронесса Эмма Николсон, Ұлыбритания премьер-министрінің Қазақстан бойынша сауда өкілі:

-Әлем қазір Қазақстан туралы бұрынғыдан да жақсы біледі. Өйткені, бүгінде елді танытуға бағытталған керемет жарнамалар жүріп жатыр. Кең көлемді инвестициялық мүмкіндіктер бизнесмендерді қызықтырмай қоймайды әрине.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу