Атырау облысында жасырын мұнай тасымалдаушылар көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жасырын мұнай тасымалдаушылар көбейген

03.10.2018

Осыған орай, заңсыз әрекеттің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар басталды. Жыл басынан бері кеніштердегі мұнай құбырларынан «қара алтын» ұрлап келгендер мемлекетке 52 млн. теңге залал келтірген. Өткен жылы құқық қорғаушылар 35 қылмыстың бетін ашты. Оның 18-і сотқа жолданды. Алайда, оңай олжаға дәніккендер қояр емес. 

Әсет Бекназаров, облыс прокурорының көмекшісі:

- Бұған дейін құқық қорғау органдары тек қана тасымалдаушыларды ұстаумен шектелген. Ал мұнай кімдікі, қайдан алынғаны анықтаусыз қалуда. Сондықтан, облыстық прокуратурамен құқық қорғау органдарына бұл мәселені қарау жөнінде назар аударылды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу