ЕЭО өндіріс ошақтары қуатының артуына жол ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО өндіріс ошақтары қуатының артуына жол ашады

03.06.2014
ЕЭО өндіріс ошақтары қуатының артуына жол ашады
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында іске қосылған өндіріс ошақтарының толық қуатпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы Сенат депутаты Икрам Адырбеков айтты.
 
Сенатор нақты мысалдар да келтірді. Шымкенттегі цемент зауыты бұрын өнімін өткізетін нарық жоқтықтан толық қуатын пайдалана алмай отырса, қазір үлкен нарыққа шығу үшін зауыттың екінші бөлігін салуға кіріскен.
 
Болашақта жылына миллион тоннадан артық сапалы цемент өндірмек. Бұдан бөлек шикізаттық емес саланы дамыту үшін Парламент осы сессияның аяғына дейін инвестициялық климатты дамытуға бағытталған жаңа заң қабылдамақшы.
 
Икрам Адырбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Заң жобасында инвесторларға қосымша жеңілдіктер берілмекші.  Оның ішінде корпоративтік құн салығынан 10 жылға босату. Мүлік және жер салығынан босату. Мұның барлығы Кедендік одаққа мүше емес елдерге Қазақстанға келіп, өнеркәсібін ашуға мүмкіндік береді.


Дулат АБИБУЛЛАЕВ
 

Хабарламаларға жазылу